Адами капитал

Қазақстандық әскери қызметші белтемірге күшпен тартылу жаттығуларында әлемдік рекордты жаңартуды көздейді

43386 әскери бөлімінің бөлімше командирі кіші сержант Ержан Әбілмансұров рекордттар кітабы Гинесқа белтемірге күшпен тартылу жаттығуларында әлемдік рекордты жаңартпақшы болып өтініш жіберді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 28 Мамыр, 20:43

Ержан Әбілмансұров 1 сағат 40 минут ішінде белтемірге 400 рет айналып шығады (минутына 25 рет немесе бір қайталамада) және ол ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері арасында белтемірге екі қолмен күшпен шығу жаттығуында үздік болып табылады.

«Алайда, Ержан мұнымен тоқтамай, қазір ол әлемдік рекордты жаңарту үшін аянбай жаттығу жүргізуде. Әскери қызметші тіпті, Гиннес рекордтары кітабына өтінім жолдаға», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, екі қолмен шығу жаттығуы қазақстандық әскери қызметшілердің дене даярлығының міндетті нормативтерінің құрамды бөлігі, күштің кешенді көрсеткіші болып табылатынын атап өткен жөн. Ол денені белге дейін көтеруді қажет етеді. Сондықтан белтемірге әдеттегідей тартылудан әлдеқайда қиынырақ және дене даярлығының жоғары деңгейін, күш пен төзімділікті талап етеді.

 





Яндекс.Метрика