Парламент

Сенат Қазақстанның бітімгершілік қызметі туралы заңды қабылдады

ҚР Парламенті Сенатының пленарлы отырысында Мәжіліс мақұлдаған, «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 11:52

«Бүгінде бітімгершілік қызметтің нысанды сипаты мен мақсаты реттеуді талап етеді. Өкінішке орай, бізде қазір бұл сала Конституцияның 53-бабында, Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы күштері туралы заңының 32-бабында, Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңда тек бірнеше құқықтық нормамен реттелген. Сондықтан, Қазақстан Республикасының бітімгершілік туралы заңын қабылдаудың қажеттілігін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Бұл дүниежүзілік аренада еліміздің жоғары мәртебесін ғана емес, үнемі қыр көрстулер мен тәуекелдерді көрсетеді. Бүгін Қорғаныс министрлігі назарларыңызға ұсынып отырған осы заң жобасы оларға уақытында ден қоюға шақырады. Заңды әзірлеу кезінде еліміздің шет елдердегі бұрынғы тәжірибелері мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «бітімгершілік операцияларына қатысу туралы» модельдік заңының нормалары ескерілді»,- деді Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.

Сонымен, заңжобасының мақсаты құқықтық негізді жасақтау, ҚР-ның қабылдаған халықаралық міндеттемелерін ескере отырып бәйбітшілік пен келісімді қолдауға бағытталған операцияларға ҚР-ның ұлттық контингентінің қатысуын реттеу.

Заң жобасы бекітілген тәртіп бойынша барлық мемлекеттік органдармен келісілді. Заң жобасы мыналарды көздейді: Қазақстан Республикасының Бітімгершілік қызметінің негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттерін, әскери және азаматтық персоналды жіберу тәртібін, бітімгершілік қызметке қатысушы адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің жауаптық шараларын, бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде әскери персонал үшін ақшалай қаражатты және азаматтық персоналдар үшін жалақыны үш есе артық төлеуді, бітімгершілік операциясына қатысқандарды әскери іс-қимылдарға қатысқандарға теңестіру, курорттық емделуге, бітімгершілік операция аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде ұзақтығы 14 күнтізбелік күннен төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысын, мемлекеттік органдардағы жұмыс орнының сақталуын, ҚР Үкіметі айқындаған тәртіппен қаза тапқан, мертіккен, сырқаттанған жағдайда өтемақы төлеуді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика