EXPO-2017

Қазақстан «EXPO Milano 2015» көрмесіне қатысуда

Қазақстандық делегация Бүкіләлемдік «EXPO Milano 2015» көрмесіне қатысуда, деді «EXPO Milano 2015» көрмесінің ҚР секциясының бас комиссары Әнуарбек Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 11:34

«1-ші мамырда Миландағы ЭКСПО -2015 әмбебап көрмесі басталды. Бұл әлемнің 147 мемлекетінің өкілдері қатысып жатқан үлкен көрме. Әр мемлекет мұнда өз елінің атынан секция құрған. Көрме жарты жыл және 180 күн қатарынан жалғасады, 31-қазанға дейін. Көрменің тақырыбы: «Ғаламшарға нәр татқыз. Өмір энергиясы». Еліміздің мұндағы қызметі өзіміздің алдыда келе жатқан азық-түлік дағдарысы жағдайында не істейміз деген мағынада беріліп отыр»,-деді А.Мусин.   

Оның сөзінше, ұлттық павильонның тақырыбы «Қазақстан-мүмкіндіктер елі» деп аталады жане ол 3000 шаршы метрге қоныс тепкен.  

«Қазақстан бұл көрмеде ұлттық көрмесімен лайықты ұсынылды. Біз көрменің қақ ортасына, яғни орталық аллеяға орналастық. 3000 шаршы метрге орналасқан ұлттық павильонның тақырыбы «Қазақстан – мүмкіндіктер елі» деп аталады»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика