Өңірлер

СҚО-да жергілікті шикізаттан керамикалық кірпіш өндіріледі

Ресей Федерациясы Омбы облысының губернаторының мiндетiн атқарушы Виктор Назаров пен өңiрдiң iскерлiк делегациясы ресми сапармен Солтүстiк Қазақстан облысына келдi, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан28 Мамыр , 12:08

Қонақтар алдымен «Абылайхан резиденциясы» мұражай-кешенiнде болып, тарихи ескерткiштегi экскурсияға қатысты.

Ресми кездесудi ашқан облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов Омбы облысы көршi ғана емес экономикалық және әлеуметтiк саладағы тұрақты әрiптес екендiгiн айтты.

«Осыдан үш ай бұрын бiздiң облыстың делегациясы Омбы қаласында болған едi. Бұл сапар барысында екi облыс үшiн маңызды салалар бойынша мәселелер қарастырылды. Сол кездесу соңында екi облыс арасында бiрқатар меморандумдар мен келiсiмдерге қол қойылды. Қазiргi кезде келiсiмдер өз нәтижесiн берiп жатыр. Жалпы, бiздiң өңiрлер сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды одан әрi нығайтуға қызығушылық танытып отыр. Бұл байланыстар Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрi дамиды деп ойлаймын», — дедi облыс әкiмi Ерiк Хамзаұлы.

Солтүстiк Қазақстан облысының Ресеймен сыртқы тауар айналымы 80 % құрайды. Жылдан-жылға бiрлескен кәсiпорындар саны артып келедi. Сөз алған Омбы облысы губернаторының мiндетiн уақытша атқарушы Виктор Назаров та екi жақты әрiптестiктiң маңыздылығына тоқталды. «Осы жылды ғана қазақстандықтардың қаржысы салынған 7 жаңа кәсiпорын ашылды. Жалпы облыста 200 ден аса осындай кәсiпорын бар. Омбы облыстың экономикасына қаржы салу жағынан сiздiң инвесторлар алдыңғы орында. Өткен жылы қазақстандық инвестиция 100 миллион АҚШ долларын құрады», — дедi Виктор Иванович өз сөзiнде.

Екi жақты кездесулер өз нәтижелерiн беруде. Олар туралы облыс әкiмiнiң орынбасары Ерлан Мұратов баяндамасында жеткiздi. Бүгiнде екi жақтың кәсiпкерлерiнiң қатысуымен керамикалық кiрпiш зауытын салу, агроөнеркәсiп кешендегi көлiк-логистикалық орталығын ашу, биогаз қондырғыларын шығару, супермаркет ашу сияқты жобалар қолға алынбақ.

Бұл жолғы сапар барысында да ауыл шаруашылығы, бiлiм беру, тағам өндiрiсi, дене шынықтыру және спорт саласындағы бiрқатар меморандумдар мен келiсiмдерге қол қойылды.

Меморандумдарға қол қойғаннан соң, өңiрлердiң бiрiншi басшылары екi жақты байланыстарды дамыту бойынша баспасөз брифингiн өткiздi.

Ұлы жеңiстiң 70 жылдығына орай ашылған Даңқ Аллеясы қонақтардың оң бағасына ие болды. Бұл жерде облыстар басшылары ескерткiшке гүл қойып, ағаш отырғызды.

Сондай-ақ, Омбы облысы губернаторының м. а. Виктор Назаров және iскерлiк делегация мүшелерi «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «ТНС-Экспорт» ЖШС элеваторында, «Зенченко және К» КС сүт зауытында болып, «Даму» кәсiпкерлерге қызмет ету орталығында кәсiпкерлермен кездестi.

 

 

 




Яндекс.Метрика