Парламент

Сенат Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара өкілдерінің қызметі мен шекарадағы сенім туралы шартты бекітті

ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 11:13

«ҚР «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңының мақсаты достық пен тұрақтылықты ұзақмерзімді сақталуы және мемлекеттік шекарадағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған. Қазіргі заманғы қауіптер мен сын-қатерлерді, әлемнің кейбір елдеріндегі әлеуметтік-саяси жағдайларды ескере отырып және Қырғыз Республткасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты осы келісімнің күшіне енуі – Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтыматастық пен достық қарым-қатынасты дамытуға қосымша жағдай жасайды», -   Қорғаныс және қауіпсіздік, халықаралық қарым-қатынас  комитетінің мүшесі С.Громов.

Сонымен, Келісім 12 баптан тұрады, онда ынтымақтастықтың пішіндері мен тәртіптері жазылған.  Күшке ену уақыты мен өзгертулер мен толықтырулары, оның күшінен шығуы нақытланған.

«Заң жобасы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған және шекара өкілдерінің негізгі функциялары үшін, нақтырақ айтқанда, шекарада тосын оқиғалардың туындауының алдын алу, ал туындаған жағдайда оларды реттеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауға бағытталған», - дейді  ол.

С.Громов атап өткендей, Келісім екі республиканың шекара қызметкерлерінің қатысуымен қазақ-қырғыз шекара режимін қамтамасыз етуде ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика