Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Е.Аязбаев: ШҚО ҚХА-сы Ұлт жоспарының 86 қадамына бейімделе отырып «Алтай маржаны» туристік кластерін дамытатын болады (ФОТО)

Өскеменде 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспары 100 қадамды талқылауға арналған «Ұлт бірлігі тұрақтылық негізі» кеңесі өтті, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 28 Мамыр, 14:32

Оған этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сараптамалық топтың, Шығыс Қазақстанның ҚХА жастар қанатының өкілдері қатысты.

Халықтар достығы үйінде Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіне септігін тигзетін «100 нақты қадам» бағдарламасы дөңгелек үстел барысында талқыланды.

«Осы мақсатта үлесімізді қосуымыз үшін идеяларымызды жүзеге асыруға, жоспарларымызға түзетулер енгізуге белсенді атсалысуымыз керек», - деп атап өтті ШҚО-ның ҚХА хатшылығының жетекшісі Еркімбек Аязбаев.

Шара барысында Ассамблея қызметіне арналған «Біркелкілік және бірлік» 4-ші бөліміне назар аударылды. Сонымен қатар, ШҚО-ның ҚХА Ұлт жоспарының 86 қадамына бейімделе отырып «Алтай маржаны» туристік кластерін дамытатын болды.

Жалпы, кеңесте шығысқазақстандықтардың басты міндеті президенттік бес реформаны жүзеге асыруды келісе отырып, басқару керек деп баса айтылды.

 

 





Яндекс.Метрика