Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ұлт жоспары: Қазақстан азаматтарына қабылданған заңдарды түсіндіру керек

Қазақстан азаматтары қабылданған заңдарды дұрыс түсініп, оларды «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» реформасының аясында дұрыс қолдана білулері үшін жан-жақты түсіндіру керек, деді «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қорының президенті Еңлік Нұрғалиева Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 15:07

«Біз ҚР Конституциясында өзімізді құқықтық мемлекет деп жарияладық. Құқықтық мемлекеттің басты принциптерінің бірі заң үстемдігін қамтамасыз ету, яғни барлық азаматтар мен заңды тұлғалар, шенеуніктер, мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық қатынасқа түскен кез-келген субъект басты нысан ретінде заңды басымдыққа алуы керек. Құқықты тек құрметтеп қана қоймай, оны бұзбастан дұрыс пайдалана да білу керек. Біз қабылданған заңдардың тиімділігін арттыруға тырысуымыз керек. Тиімділік болса сапаға, оның қоғам дамуының объективті қажеттіліктеріне қаншалықты сай келетіндігіне байланысты»,-деді Е.Нұрғалиева.   

Сарапшының айтуынша, қабылданған заң осы қоғамда болып жатқан қоғамдық қатынастарды реттеуі керек.     

«Заң заңнамалық актілерден жоғары тұруы керек. Ол заң толық күшіне енгенде, кейбір ведомстволар өздерінің нормативті актілерін шығара бастайды. Мұндай тәжірибе болады, алайда заңды ешқандай да заңнамалық акті алмастыра алмайды. Біз заңның үстемдігін төмендетпеуіміз керек. Бізде заң үстемдігін не төмендетеді ?. Бұл бюрократизм мен жемқорлық, халықтың сана-сезімінің төмендігі»,-деді ол.

Е.Нұрғалиева қабылданған заңдарды қоғам өкілдері дұрыс түсініп, қолданулары үшін олар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруды ұсынды. Бұған қоса, ол мемлекеттік орган өкілдеріне де заң талаптарын анық түсінулері қажеттігін айтты.     

«Мемлекеттік аппарат тәртіп бұзбастан заң талаптарын дұрыс орындай бастаған кезде, азаматтар заңнамаға дұрыс қарай бастайды. Ол үшін тұрғындармен үлкен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Қазақстан Парламентіне заңның тікелей жұмыс атқаруына жағдай қалыптастыру керек. Барлық талаптар ешқандай бұрмалауларсыз, нақты көрсетілуі керек»,-деді қоғамдық қор президенті.    

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Яндекс.Метрика