Мәдениетті жаңғырту

Қытайдан шақырылған ЕҰУ профессоры Қазақстан туралы кітап шығарды

Қытайдың МИНЗУ университетінің профессоры, PhD докторы У Шуке Қазақстан туралы қытай тілінде жазылған «Қытайдың батысында орналасқан, Жібек жолының бойындағы алғашқы мемлекет» атты кітап шығарды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Әлемде28 Мамыр , 10:23

Бұл кітап қытайлық профессордың Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне 2013-2014 жылдар аралығында осы оқу орнының шығыстану кафедрасының профессоры ретінде шақырылуының нәтижесі деуге болады.  

Хабарламадан мәлім болғанындай, 304 беттен тұратын зерттеу, Қазақстан туралы жалпы мәлімет ретінде жазылған, сонымен қатар онда халқымыздың психологиясымен, философиясымен, тарихымен, менталитетімен, салттары мен дәстүрлерімен жақсы танысуға мүмкндік алған автордың елімізге деген жеке өзінің көзқарасы көрініс тапқан.  

«Қытайлық ғалым Қазақстанның тәуелсіздігін алған жылдардан кейінгі түрлі салалардағы қызметтеріне баға беруге тырысқан. Яғни профессор еңбегінде Қазақстан Республикасының рәміздері, этникааралық және конфессияаралық келісім бағытындағы мемлекеттік саясат, білім беру жүйесі, тарих, мигранттардың жағдайы, экономикалық даму сияқты мәселелерге қатысты  көзқарасын білдіреді. Бұған қоса, еңбекте екіжақты қазақстандық-қытайлық қатынастар туралы да үлкен әңгіме өрбітеді. Әлемнің бірнеше мемлекетінде іс-тәжірибесі бар автор қазақстандықтар туралы – олар көзқарас кеңдігімен және қонақжай, кеңпейілділігімен ерекшеленеді»,-деп жазады.  

Профессоор У Шукенің еңбегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің білім және ғылым саласында қытайлық жоғары оқу орындарымен қарым-қатынастарды дамытудағы тағы бір қадам деуге болады. 2013 жылы ЕҰУ мен МИНЗУ университетінің арасында магистранттарм және докторанттармен алмасу туралы келісімге қол қойылған.  

  

 

 

 




Яндекс.Метрика