Адами капитал

ҚР Қарулы Күштерінің офицерлер корпусын аттестаттаудың бірінші кезеңі аяқталуда

ҚР Қарулы Күштерінің офицерлер корпусын аттестаттаудың бірінші кезеңі аяқталуға жақын қалды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан28 Мамыр , 10:06

«2015 жылғы қаңтардың 12-і мен маусымның 1-і аралығында батальон (дивизион), бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары әскери лауазымдарында әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер, сондай-ақ қызмет пен жеке тәртібінде елеулі кемшіліктері бар офицерлер өтуде», - делінген хабарламада.

Өткізіліп отырған аттестаттаудың негізгі міндеттері – бұл әрбір әскери қызметшінің кәсіби және іскерлік қасиеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау. Аттестация барысында үздік офицерлер құрамы да анықталды.

Олар: база бастығының орынбасары – 29011 ә/б қару-жарақ бөлімшесінің бастығы лауазымында қызмет өткеріп жүрген 3-дәрежелі капитан Есенғали Байботаев, эскадрилья командирінің орынбасары -  50185 ә/б авиациялық эскадрилья (майдандық авиация) штурманы, 55652 ә/б авиациялық эскадрильясының штаб бастығы – майор Игілік Қарасаев, артиллериялық дивизион командирі – майор Дәулет Жорғатаев, 97617 ә/б командирінің орынбасары – дивизиондар тобының штаб бастығы, штаб бастығы – танкті биатлон командирінің орынбасары – капитан Айдын Асқаров, 42062 ә/б командирі – майор Бегімбет Тәжібаев. Бұл туралы әскери қызметшілерді аттестаттау комиссиясының отырысында айтылды.

Аттестация – офицерлердің атқарып отырған лауазымға сәйкес келетіндігі және жоғары әскери лауазымдарға жылжыту, Ұлттық қорғаныс университетіне түсу үшін үміткерлер тізіміне енгізуге немесе ҰҚУ жанындағы жоғары академиялық курстарда білім алу үшін резервке қосу туралы шешім шығаруға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика