Ұлтаралық бірлік

ҚХА депутаттық тобының отырысында Ұлт бағдарламасы аясында ұлттық бірлікті нығайту мәселесі талқыланды

Мәжілісте «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының жетекшісі Жұматай Әлиевтің басшылығымен «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» атты Ұлт бағдарламасын талқылауға арналған кезекті отырыс болды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 28 Мамыр, 09:14

Топ мүшелері күн тәртібінде Палатаның әлеуметтік-даму комитетінің мүшесі, саясат ғылымдарының докторы Камал Бұрхановтың «Ұлт жоспары-100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» тақырыбына жасаған баяндамасын тыңдады.

 Ғалым өз сөзінде Ұлт жоспары Қазақстанның әлемдегі 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретініне сенім білдіріп, еліміздің әрбір азаматы сондай жетілген елге лайық болуы керектігін алға тартты.

Басқосуда Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы бөлім басшысының орынбасары Леонид Прокопенко сөз сөйледі. Топ мүшелері «Ұлт жоспары -100 қадам баршаға арналған қазіргі заманға мемлекет» атты Президент ұсынысын мемлекеттің маңызды стратегиялық құжаты ретінде таныды.





Яндекс.Метрика