Евразиялық одақ

В.Мальцев: ЕАЭО-да 2020 жылға қарай 300 индустриалды парк құрылады

2020 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одақта 300 индустриалды паркті құру көзделген, деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссиясы өндірістік саясат департаментінің директоры Владимир Мальцев пленарлы отырыста.
Астана қаласы27 Мамыр , 18:41

«Инновациялық және өндірістік инфрақұрылым  нысандары көптен құрылуда. Олар көбіне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде бой көтеруде. Біздің елдерімізде 200-ге жуық техналогиялық парк, 100-ге жуық индустриалды парктер бар. Ал, 2020 жылға қарай біздің мәліметтер бойынша Одақтың мемлекеттерінде 300 индустриалды паркті ашу көзделген», - деді В.Мальцев.

Оның айтуынша, ЕЭК өндірісті дамытуға бөлінген субсидияларға мониторинг жүргізетін болады.

«Мемлекеттер индустриалды парктердің инфрақұрылымдарын жасақтау үшін қомақты қаржыны жұмсауда. Түрлі деңгейдегі бюджеттерден біздің өндірісімізді дамыту үшін субсидиялар бөлінуде. Осы ретте, ЕАЭК жыл сайын субсидиялардың бөлінуін, оны ұсыну әдісіне мониторинг жүргізетін болады», - деп түйді ол.

Айта кетерлік жайт, 2017 жылға қарай, өндірістік субсидияны келісу бойынша келісім жасақтау жоспарланған.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика