Адами капитал

«Аналар үйі» әлеуметтік жобасының аясында 800-ден астам әйелге көмек көрсетілді – А.Рахымбаева

«Аналар үй» өзі қызмет ете бастаған 2 жылда тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету және құжаттарды қалпына келтіру сияқты көмектер түрінде 818 балалы әйелдерге көмек көрсетті, деді «Аналар үйі» қоғамдық қорының құрылтайшысы Анар Рахымбаева Астанада өткен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мәжілісінде.
Астана қаласы27 Мамыр , 18:24

«Біздің әлеуметтік жобамыз екі жыдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жоба қаржыға, тұрғын үйге  және психологиялық көмекке зәру болып отырған аналарға қолдау көрсетуге бағытталған. Біз 1,5 жылдан бері баспанамен көмек көрсетіп келеміз. Екі жыл ішінде «Аналар үйі» 818 әйелге көмек көрсетті. Бұл өте жақсы жетістік»,-деді А.Рахымбаева.  

Оның сөзінше, «Аналар үйі» баспана, тағам мен медициналық көмек көрсетуге ықпал етеді.

«Біздің үйге келдендерге отбасындағы жағдайды реттеу, әкелерімен қатынастарын дұрыстау сияқты қызметтерден өзге де көмектесіп, әйелдерге бейміделулеріне қолдау көрсетеміз. Әлеуметтік бейімделу жөніндегі бағдарламалар да бар бізде, сондай-ақ жұмысқа тұрғызып, құжаттарды реттеуге көмектесеміз»,-деп қосты А.Рахымбаев.    

Қазақстан бойынша, осы уақытта 26 «Аналар үйі» жұмыс істейді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика