Адами капитал

ЮНИСЕФ Қазақстан балаларына қалалардың әлеуметтік дамуын бағалауды ұсынды

Балаларға «Балаға жақын қала» атты жобаның аясында денсаулық сақтау, білім беру мен әлеуметтік қорғау өлшемдері бойынша Қазақстан қалаларының дамуын бағалауға мүмкіндік жасалады, деді (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Балалар қорының өкілі Юрий Оксамитный Астанада өткен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мәжілісінде.
Астана қаласы27 Мамыр , 17:59

 «Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірге бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Балаларға тек денсаулық сақтау, білім беру немесе өзге де әлеуметтік бағыттағы мәселелер тұрғысынан қарап қана қоймай, бұл мәселеге әртүрлі қырларынан келу аса маңызды. Бүгін біз  «Балаға жақын қала» атты жобаны ұсынып отырмыз. Бұл жоба Қазақстанда да жүзеге асырылуда. Бүгіні таңда аталмыш жобаға 17 қала мен 4 аудан барлығы 21 қатысушы атсалысуда. Біз балаға денсаулық сақтау сапасы, білім беру мен әлеуметтік қорғау салалары жағынан жақын болып келетін талаптарды қою жұмыстарын аяқтағалы отырмыз»,-деді Ю.Оксамитный.     

Оның сөзінше, жақын арада баланының жанына жақын қала болып табылатын қаланы анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.

«Аталған бастама аясында аталмыш жобаны жүзеге асыру ісіне балалардың өздері қатысуы маңызды. Сондай-ақ ересектермен бірге өздерінің жағдайларының дұрыстығы мен дамуына қажетті мәселелерді көтеретін жастар парламентін құру қажет»,-деді Ю.Оксамитный.    

Ботагоз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика