Адами капитал

Шығыс Қазақстан облысында туу көрсеткіші 4,1 пайызға артты

Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік және салааралық бағдарламалар ана өлімін екі есеге азайтып, бала өлімін 18 пайызға кемітуге мүмкіндік берді, ал туу көрсеткіші 4,1 пайызға көбейді, деді ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Астанада өткен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында.
Астана қаласы27 Мамыр , 17:31

«ШҚО-да өткен жылдан бастап, 2014-2017 жылдарды қамтитын отбасын әлеуметтік-демографиялық дамыту туралы кешенді жоспар жүзеге асырылуда. «Шаңырақ» бағдарламасының аясында барлық құзырлы мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыруда. Ал мемлекеттік және салааралық бағдарламалардың арқасында біздің облыста ана өлімі екі есеге, бала өлімі 18 пайызға қысқарып, туу көрсеткіші 4,1 пайызға артты»,-деді Н.Сақтағанов.    

Оның сөзінше, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің арқасында барлық мүгедек әйелдер амбулаториялық көмек алуда.   

«Әйелдер скринингтік тексерулерден өтіп жатыр. Медицина мамандары мүгедек әйелдерге консультациялық көмектерді үйлерінде де көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады, өйткені ол бақылауда тұр. Мүмкіндігі шектеулі адамдар өздерін ыңғайлы сезінулері үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда»,-деді Н.Сақтағанов.   

ШҚО әкімінің орынбасарының сөзінше, мәжіліс аясында мүгедектерге арналған кешен құру мәселесі көтерілуде.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика