Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Оралда ЖҚЖК аясында 23 кәсіпкер жеңілдікпен несие алды

Оралда 2015 жылы жеңілдікпен несие алуға 65 млн теңге бөлінді. 64 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл туралы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысатын жобаларды анықтау кеңесінде белгілі болды.
Батыс Қазақстан27 Мамыр , 18:56

Комиссия төрағасының айтуынша,  бағдарламаның басты мақсаты жұмыссыздарға өз ісін ашуға көмек көрсету.

Аймақтың ІСБ хабарлағандай, комиссия 23 жобаны қарастырды, оның 17-сі Орал қаласының маңындағы ауылдар тұрғындарын қамтуға, 6 бизнесті кеңейтуге бағытталған. Олардың көбі ауыл шаруашылығы мен құрылыс, қызмет көрсетуге бағытталған.

Несие мөлшері 3 млн-ға тең. «Қарызды қайтару үдерісінде бір жарым жыл демалыс беріледі, одан кейін пайыздық мөлшер 6 пайызға тең болады», - деп хабарлады ІСБ.

 




Яндекс.Метрика