Адами капитал

Г. Әбдіхалықова Қазақстанда балалардың құқығын қорғау бойынша ҚР БҒМ бірқатар тапсырмалар берді (ФОТО)

Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Астана қаласы 27 Мамыр, 16:58

«Елбасы 5 иснтитуционалды реформаны ұсынды, төртінші бағыт бойынша бір болашақтың ұлтын қалыптастыру көзделген. ҚХА-ның 22 сессиясында Елбасы болашақ ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне көңіл бөлінуі керектігін атап өтті», -  деді Г. Әбдіхалықова.

Келелі кеңес барысында мемлекеттік хатшы қатысушылардың назарын балалармен байланысты оқыс оқиғаларға аударды.

«Бүгінгі отырыстың күн тәртібі заң үстемділігін қамтамасыз етуге арналды. Біз әйелдер қауымы әр қашан әлеуметтік әділеттілікті қолдаймыз. Бүгінде қоғамда балалағ,а зорлық көрсету жағдайларының көбейіп кетуіне байланысты көңіл толмау артуда. Балаларға әрқашан қауіп төнуде. Біз балалардың ата-аналарымен, ұстаздарымен, мемлекеттік органдармен және институттармен ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуіміз керек», - деді Г. Әбдіхалықова.

Сонымен ҚР Мемлекеттік хатшы Г. Әбдіхалықова 2015 жылдық 25 маусымына дейін  ҚР БҒМ-ға барлық мектепге дейінгі және білім беру мекемелерінде ҚР БҒМ ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жазғы демалыстарға байланысты Г.Әбдіхалықова ҚР БҒМ еліміздің барлық аймақтарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

 





Яндекс.Метрика