Халықаралық интеграция

Санкт-Петербургте ҚР-ның Гаага конференциясына мүше болуы талқыланды

Санкт-Петербург қаласында Петербург халықаралық заң форумының шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Берік Мәжитұлы Имашев халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысы Кристоф Бернасконимен кездесті, деп хабарлады Әділет министрлігі.
Әлемде27 Мамыр , 20:07

Кездесуге қатысушылар құқықтық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясына мүше болуын, сондай-ақ Гаага конференциясы қабылдаған өзекті Конвенцияларға Казақстанның қосылу мәселелерін талқылады.

 




Яндекс.Метрика