Білім мен кәсіби машық

Қазақстан қазыларының VI съез жұмысына республиканың барлық соттарынан 700-ден астам делегат қатысады

ҚР-да 2013 жылдың 20 қарашасында Қазақстан қазыларының VI съезі өтеді. Съез жұмысына республиканың барлық соттарынан 700-ден астам делегат қатысады. Сонымен қатар, 20 шетелдік делегаттың келуі де күтілуде. Олар – шет елдердің Жоғарғы сот төрағалары, Еуразиялық сот басшысы мен Халықаралық қазылар қауымдастығының президенті, деп хабарлайды Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы16 Қазан , 09:50

«Қазылар съезі Қазақстан төрешілері  Кеңесінің жоғарғы органы болып табылады. Жұмыс барысында қатысушылар судъялар қызметін жетілдіру жайлы ұсыныстарды талқылап қана қоймай, тиімді құқық қорғау мәселесі, ар-намыстың сақталуы, мүлік пен бас бостандығы мәселелерін де талқыға салады», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, ең соңғы форум 2009 жылы жалғасып жатқан толық масштабты сот-құқықтық реформа қамқорлығымен өткен.

«Алда келе жатқан съезде судъялар еліміздің сот жүйесін модернизациялауға қатысты стратегиялық маңызды тақырыптарды қарастыру жоспарлануда. Сот жүйесіне деген азаматтардың сенімін арттыру, судъялар статусын нақтылау, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету – біздің алдағы жылдары шешілуі қажет басты мақсаттарымыз», - деді Б. Бек­на­за­ров.

Айта кету керек, 2011 жылдан бастап Қазақстан судъялар Кеңесі халықаралық судъялар қауымдастығының толыққанды мүшесі. Аталмыш қауымдастықта 70 ұлттық төреші қауымдастығы бар. Біздің елден басқа, мұнда посткеңестік елдерден Украина, Грузия, Молдова мен Эстония бар.

Дерекнама

Яндекс.Метрика