Өңірлер

Алматыда 2015 жылдың нақтыланған бюджеті 387 млрд теңгені құрады

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен V шақырылымдағы қалалық мәслихаттың 40-шы сессиясы қаланың 2015 жылғы нақтыланған бюджетін бекітті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы27 Мамыр , 19:31

Мегаполисте барлық көрсеткіштер бойынша өсу динамикасы тұрақты сақталып келеді. Әкім атап өткендей, Алматының 2015-2017 жылдарға қабылдаған Дағдарысқа қарсы жоспарын жүзеге асыруда оң нәтижеге қол жетуде, яғни 4 айдың қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің қосымша мүмкіндіктері іздестірілуде.

«Жедел мәліметтер бойынша 2014 жылы өңірлер өкономикасының негізгі даму индикаторы - ЖӨӨ 8 трлн. теңгеден асты, өсім қарыны 107,1%. ЖІӨ-де Алматының үлесі бұрынғыдай республика бойынша ең жоғары - 20,7%. Үстіміздегі жылдың 4 айы ішінде еліміз бойынша салық жинауда қаланың үлес салмағы рекордты нүкте - 33%», - деді Ахметжан Есімов.

Негізгі капиталға деген инвестиция көлемі де өскен - 106,1%. Өндіріс көлемі 102,4%-ға өскен, ШОБ саны да артуда, жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 12,7%-ға көбейген. Дағдарысқа қарсы шаралар мен резервтер көздерін іздестіру нәтижесінде 26 млрд. 785 млн. 603 мың теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді, ол мегаполистің әлеуетті бағыттары - денсаулық сақтау мен білім беру салаларының материалдық- техникалық базаларын нығайтуға; Шаңырак-5, Ақбұлақ, Алғабас ықшам аудандарындағы электр желілерін қайта жасауға; Наурызбай ауданында әлеуметтік және әкімшілік нысандарды салуға; Ян Гейлдің жобасы бойынша қаланың 8 ауданының аумағын жасылдандыруға және басқаларға жұмсалатын болады.

Осылайша, Алматының қалалық мәслихаты қала бюджетін 470 млрд. 844 млн. 679,4 мың теңге көлемінде бекітті. Жалпы, қаланың нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 387 млрд. 188 млн. 279,4 мың теңге.

 




Яндекс.Метрика