Инновациялар

Қазақстан мен Хорватия Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойды

Қазақстандық-хорватиялық бизнес-форум аясында «Қазақстан-Хорватия» Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.
Астана қаласы27 Мамыр , 15:41

«Біздің палаталарымыздың арасында Іскерлік кеңес құру туралы келісім жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, біздің екіжақты қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтереді. Мен барлық кәсіпкерлерге олардың бизнес-жобаларының аясында сәттілік тілеймін»,-деді Хорватия Республикасының Шаруашылық палатасының президенті Лук Бурилович.  

Осылайша, іс-шара аясында «Қазақстан-Хорватия» Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды. Келісім сауда, инвестиция, технологиялар алмасу, қызметтер мен өнеркәсіптің өзге де салалары бойынша екі елдің кәсіпкерлерінің ынтымақтастығын арттырып, Қазақстан мен Хорватия арасындағы екіжақты экономикалық қарым-қатынастардың өсіміне игі ықпалын тигізетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада қазақстандық-хорватиялық бинес-форум өтіп жатыр. Оған өз елінің экономикасының түрлі салаларынан өкілдік ететін 80-ге жуық хорват кәсіпкерлері қатысуда.  

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика