Халықаралық интеграция

Қазақстан ел экономикасын әртараптандыру бойынша бірқатар жобаны іске қосты -ҚР Премьер-Министрі

Біз ел экономикасын әртараптандыру бойынша шараларды жеделдетеміз, осы мақсатта бірқатар жобаларды іске қостық, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы Қазақстан Хорват бизнес форумы барысында.
Астана қаласы27 Мамыр , 15:27

«Біз тиімді көлік жүйесін қалыптастырғымыз келеді, сонымен қатар біз 50 мыңнан астам жаңа сарапшыларымыз болуы үшін  университеттермен, колледждерге инвестициялайтын боламыз, осылайша еңбек нарығын толықтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз инвестициялық климатты жақсарту және сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларды жалғастырамыз. Бұдан басқа, ел экономикасын әртараптандыру бойынша шараларды жеделдетеміз, осы мақсатта бірқатар жобаларды іске қостық»,- деп мәлімдеді К. Мәсімов форум барысында.

Қазақстандық Үкіметтің басшысының айтуынша, Қазақстан қалыптастырылып жатқан қаржы орталығы негізінде үздік көлік жағдайы жасақталады. «Біздің позициямыз аймақта негізгі мемлекет айналуға мүмкіндік береді, біздің жаңа серіктестігіміз және ЕО-мен келісім ағымдағы жылы Дүниежүзілік сауда ұйымының дамуына үлес қосады»,- деп жалғастырды ол.

Сонымен қатар, Премьер-Министр атап өткендей, Қазақстанға ЕАЭО туралы келісімге қол қойылғаннан кейін үлкен мүмкіндіктер берді. «Бізде РФ мен Қытаймен үлкен шекара аймағы бар. Армения, Қырғызстан  олар Одақтың жаңа мемлекеті, Қазақстан 175 млн халқы бар бірыңғай нарықтың  бір мүшесі болып табылады. Қазақстан бизнес үшін ашық және бізде барлық жағдай жасалған»,- деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Индира Кауметова

 

 

 




Яндекс.Метрика