Халықаралық интеграция

К. Мәсімов: Қазақстан – бизнесті енгізу бойынша Орталық Азиядағы үздік ел

Қазақстан – бизнесті енгізу бойынша Орталық Азиядағы үздік ел, деді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы Қазақстан-Хорватия бизнес форумы аясында.
Астана қаласы 27 Мамыр, 15:13

«Біздің елдер арасында ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Қазақстан бизнес үшін ашық, бұл Орталық Азияда бизнесті енгізуге жағдай жасалған үздік мемлекет. Тәуелсіздік  жылдар аралығында  біз дамудың нығым іргетасын қаладық. Қазақстан экономикасының  өсімі екі есеге өсті, біз әлем бойынша дамыған экономикасы бар елдердің біріміз. Біздің өсім 200 млн долларды құрайды. Қорытындысында біз экономикасы бәсекеге қабілетті ел болып саналамыз», - деді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, Қазақстан инвестиция үшін қолайлы аймақ жасауға ден қойған. «Біз жақсы бизнес құрып, сіздердің инвестицияларыңызға жақсы қайтарым болғанын қалаймыз. Біз Қазақстанның нық аяққа тұрып, 30 дамыған ел қатарына енуін көреміз. Біз әлемдік стандартқа сай келуіміз керек. Әсіресе, ЭЫДҰ талаптарына сай келуіміз қажет. Бұл оңай емес, бірақ біз ол мақсатқа жету үшін қолдан келгенін аямаймыз», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан-Хорватия бизнес форумы өтуде. Шараға 80 хорваттық кәсіпкер қатысуда. Өз кезегінде, қазақстандық тараптан қатысушы ретінде 200 кәсіпкер тіркелді.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика