Ұлттың денсаулығы

ШҚО дәрігерлік-дене шынықтыру дипансері жаңа оңалту орталығына орналастырылатын болады

Шығыс Қазақстан облысындағы дәрігерлік-дене шынықтыру дипансері Өскемендегі жаңа оңалту орталығына орналастырылатын болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан27 Мамыр , 20:26

Баршаға мәлім, Шығыс Қазақстанда хоккей мен футболды дамыту мақсатында кешенді жұмыстар басталды. Сондықтан, аймақта спорт клубтары мен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің қызметтерін жаңаша ұйымдастыру жағы қарастырылуда. Атқарылған істердің барлығы осы өңірдегі спорттық жетістіктердің жоғарылауына ықпал етуі керек. Соған қарай, спорттық медицинаны да жетілдіру қажет. Бұл міндетті облыс басшысы Даниал Ахметов те жүктеген болатын. Осы міндетте жүзеге асыру үшін спорттық дайындығы мықты дарынды балалардың басын қосатын облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің жұмыс үлгісін өзгерту қажет болып отыр.  Ал, жаңа оңалту орталығында диспансер соңғы үлгідегі керек-жарақтармен қамтамасыз етілетін болады.

«Нәтижесінде аймақтың кез-келген деңгейдегі спортшысы осында тексеріліп, оның денсаулық жағдайына бақылау жүргізіледі. «Сіздер осы мүмкіндікті пайдалануларыңыз керек. Облыстың барлық спортшылары осы диспансерге тіркелетін болады. Сондықтан, олардың ұдайы дәрігерлік тесеруден өтіп, жаттығу үдерісін бақылап отыру мақсатында жаңа нысанның жұмысын қалай ұйымдастыру қажеттігін ойластыру керек»,-деді облыс әкімі.    

Сондай-ақ оның айтуынша, диспансер мамандары аймақтың барлық ауылдар мен елді мекендерді аралап, дарынды спортшыларды жинастыру ісімен де айналысулары керек.

 




Яндекс.Метрика