Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанға заң үстемділігін қамтамасыз ету бойынша реформаны дамытуды жалғастыру керек - сарапшы

ҚР Президенті ұсынған 5 институционалды реформа Қазақстанның дамуын өзге мемлекеттерден ерекшелендіреді, әлемде бірде бір мемлекетте мұндай бағдарлама жоқ, деп мәлімдеді «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бойынша филиалының директоры, ҚР Бас прокуратурасының ардагері Дәулеткерей Рахметуллин «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы27 Мамыр , 16:08

«ҚР Президенті ұсынған 5 институционалды реформа Қазақстанның дамуын өзге мемлекеттерден ерекшелендіреді, әлемде бірде бір мемлекетте мұндай бағдарлама жоқ. Алғашқы «Стратегия 2030» бағдарламасы осының бастауын берді. Соның арқасында Қазақстан өзінің әлемдегі құқықтық орнын анықтады. Осылайша түрлі бағыттарды дамытуға бағытталған 366 бағдарлама жүзеге асырылды. Өз басым, құқықтық үстемдікті қамтамасыз ету жолындағы реформаны атап өтер едім. Сот инстанциясы жүйесін оңтайландыру қадамы кодекстегі кемшіліктерді жоюға септігін тигізер еді»,  - деді Д. Рахметуллин.

Сарапшы атап өткендей, Қазақстанға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы» жаңа заңды қабылдайтын уақыт келді, себебі 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан нормативті-құқықтық акт ескірді.

«Аталмыш саладағы заңжобасы осымен үш жыл бойы ҚР Парламентінде талқыланып келеді. Жалпы, түрлі доктриналарды жасақтаудан бұрын заңды бекіткен жөн», - деп толықтырды Д. Рахметуллин.

Сонымен, «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» реформасы Қазақстанның құқықтық жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, ол өз кезегінде мемлекетті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

«Аталмыш қадамдарды жасауда басшылық ететін азаматтар бұл жұмысқа аса үлкен жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарауы тиіс»,  - деп атап өтті ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика