Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

ДСМ-нің басшысы жұмыс сапарымен Қарағандыға келді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Сапардың мақсаты – елдің денсаулық сақтау саласы бойынша өзекті мәселелерін талқылау, деп Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды16 Қазан , 09:33

Министр Салидат Қайырбекова өңірге сапары барысында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің оқу-клиникалық орталығында, кітапханасында, жатақханасында, молекулярлық-генетикалық зертханасында және компьютерлік орталығында болады.

Министр медициналық жоғарғы оқу орнында студенттермен, резиденттермен, магистранттармен, докторанттармен және жас дәрігерлермен кездесіп, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің даму үрдісін түсіндіреді. 

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова жұмыс сапары барысында «Гиппократ» дәріханасын аралап, Қарағанды облысының амбулаториялық-емханалық ұйымдарының жетекшілерімен кездесу өткізеді.

 

 




Яндекс.Метрика