Халықаралық интеграция

Астанада өтіп жатқан бизнес-форумға 80-ге жуық хорват кәсіпкерлері қатысуда

Астанада өтіп жатқан қазақстандық-хорватиялық форумға 80-ге жуық хорваттық кәсіпкерлер қатысуда.
Астана қаласы27 Мамыр , 14:26

Іс-шараға өз елінің экономикасының түрлі  салалары бойынша өкілдік етіп келген 80-ге жуық хорваттық бизнес өкілдері қатысуда. Олардың арасында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медицина, қорғаныс өнеркәсібі, IT-индустрия сияқты өзге де бірқатар салалар бар. Өз кезегінде Қазақстан тарапынан жиынға қатысушылар ретінде 200-ге жуық кәсіпкер тіркелген.  

Еске сала кетейік, 2005-2014 жылдар аралығында Хорватиядан Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 6,4 миллион АҚШ долларын құрады.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика