2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Алматыда «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы республикалық ақпараттық-білім беру орталығы ашылды

Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Қазақстан 2050» республикалық ақпараттық-білім беру орталығы ашылды.
Алматы қаласы27 Мамыр , 14:48

«Қазақстан 2050» республикалық ақпараттық-білім беру орталығы – «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген «Мәңгілік Ел» біртұтас ұлтты құру, азаматтық саналылық пен құндылықтар идеясын дамытуға бағытталған коммуникативтік диалог алаңы, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.

Орталық қызметі патриотизм рухына тәрбиеленген интернационалды жастарды заманға сай креативті тұлға ретінде дамытуға ықпал ететін ақпараттық және ағарту ортасын қалыптастыруға бағытталады.   Орталықтың міндеттері – түрлі ұлт жастарының білім деңгейі мен біліктілігін арттыруға ықпал ету, толерантты орта қалыптастыру болып табылады.

 Бұл мақсат- міндеттерге қол жеткізу үшін орталықта «Vision - 2050» стратегиялық ақпараттық науқаны, республиканың әр түкпірінен ауыл және қала жастарының қатысуымен «voices of Youth» (жастар үні) онлайн-аудио-форумы,  «Green nature – 2050» табиғат аясында пікірталас түріндегі кездесулер,  «Ақылды экономика» тақырыбындағы телекөпір,  «Болашақты басқар!» жастар интернационалдық форумы, «Мәңгілік ел» студенттік ғылыми-этнографиялық экспедициясы сияқты жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Барлық ақпараттық және білім беру шаралары әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ базасында өтеді. Болашақта Қазақстанның барлық аймақтарындағы жоғары оқу орындарында ақпараттық орталықтар желісін құру көзделуде.             

Орталықтың таныстырылымы аясында «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 қадам: Қазақстан дамуының жаңа кезеңі»  тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелге Алматы қ. әкімдігі, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ҚР жоғары оқу орындары оқытушылары мен «Қазақстан 2050»  Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері шақырылып отыр. 2015 жылғы 11 наурызда өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Елбасы Қазақстанның одан әрі табысты дамуының                 5 институционалдық реформасын ұсынған болатын.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында бес институционалдық реформаны жүзеге асыру механизмдері, сондай-ақ, мемлекеттік басқаруды реформалау, «Мәңгілік Ел» біртұтас идеясын қалыптастыру мәселелері талқыланады.

 




Яндекс.Метрика