Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен Хорватия Премьер-Министрі сауда-экономика мәселелерін жандандыруды талқылады

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Премьер-Министрі Зоран Милановичті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Мамыр , 13:31

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылын жандандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар  қарастырылды.

Қазақстан Президенті еліміз бен Хорватия арасында достық қатынастар орнағанын атап өтті.

«Мен тиімді екіжақты экономикалық байланыстар орнату үшін Хорватияға бірнеше рет бардым, өйткені біздің елдеріміздің арасында бұған ешқандай кедергі жоқ. Біздің елмен жұмыс істегісі келетін хорват компанияларымен өзара ықпалдастық жөнінде менің тарапымнан тиісті тапсырмалар берілген», – деді Мемлекет басшысы.

З.Миланович Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығының қарқыны артып келе жатқанын, бұл өзара қарым-қатынастың негізгі салаларына оң ықпал етіп отырғанын атап өтті. 

 




Яндекс.Метрика