Евразиялық одақ

А.Ничкасов: ЕАЭО Сирия, Иран және Түркиямен еркін сауда аймағы туралы келіссөз өткізуді жоспарлауда

Еуразиялық экономикалық одақ Сирия, Иран және Түркиямен еркін сауда аймағы туралы келіссөз өткізуді жоспарлауда, деді ҚР-дағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов «Еуразиялық интеграция: жаңа көкжиектерді ашу» дөңгелек үстелі барысында.
Астана қаласы27 Мамыр , 13:02

«Бірлескен ортақы зерттеу топтарын құру жоспарланған, олар Израиль, Мысыр және Үндістанмен еркін сауда құру үшін келісім жасауға мақсатты жұмыс жасайды.  Сондай-ақ, Сирия, Иран және Түркиямен келісім жүргізу шаралары қарастырылуда», - деді А.Ничкасов.

Оның айтуынша, Еуропалық еркін сауда қауымдастығының мүшелерімен жұмыс жүргізілуде.

«Норвегия, Швейцария, Исландия, Лихнештейн және Жаңа Зеландиямен жұмыстар жүргізілуде.

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы барысында Мәскеуде 8 мамыр күні мемлекет басшыларымен ҚХР келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылданды», - деді ол.

Анара Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика