Евразиялық одақ

Вьетнаммен ЕАЭО-ның еркін сауда аймағы туралы құжатына Қазақстанда қол қойылады

Еуразиялық экономикалық одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы құжатқа Қазақстанда қол қояды, деп хабарлады ҚР-дағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов Астанадағы «Еуразиялық интеграция: жаңа көкжиектерді ашуда» дөңгелек үстелі барысында.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:53

 «Еуразиялық интеграция жобасының табыстылығы көптеген мемлекеттерде қызығушылық тудыруда, яғни қосылуға немесе еркін сауда аймағын құруға. Осы бағытта сарапшылар, арнайы институттар жұмыс істеуде», - деді А.Ничкасов.

Елшінің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы құжатқа Қазақстанда қол қояды.

«ТМД және Сербия мемлекеттерімен интеграциялық бірлестіктермен еркін сауда жүйесі жүйеленген. Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы келіссөздер жүруде. Келіссөздердің аяқталуы және құжаттарға қол қоюы жақын екі күнде Қазақстан Республикасында өтеді деп күтілуде», - деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика