Халықаралық интеграция

Пекинде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі талқыланды

Қазақстан Республикасының Мәдениетжәне спорт вице-министрі Марат Әзілханов Пекин қаласында Қытай Халық Республикасының Діністері жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Ван Цзоаньмен кездесті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әлемде27 Мамыр , 19:13

Тараптар кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар мәселелерін талқылады.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов бұл елге Қытай тарапының шақыруымен қазақстандық діни бірлестіктер өкілдерінен құралған делегацияны бастап келді.

Делегация құрамында «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, наиб муфтий Өтпенов Наурызбай, Жаркент православие шіркеуінің діни қызметшісі Павел Иванов, Астана қаласындағы Әулие Мария Рим-католиктік архиепархиясының өкілі Павел Войчех, Астана қаласындағы «Інжілдік-лютеран шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Юрий Новгородов, Алматы қаласындағы «Вон-буддизм» жергілікті діни бірлестігінің төрайымы Лариса Палагина, Астана қаласындағы «Христиандық Новоапостол шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Федор Бурлаков бар.

Қытай тарапы кездесу барысында мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделіне қызығушылық танытып, жаһандық диалог алаңы ретінде берік орныққан Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің діндер мен мәдениеттер арасындағы әлемдік деңгейдегі өзара түсіністікті нығайту жолындағы біріктіруші мәні мен маңызына жоғары баға берді. Тараптар алдағы уақытта екі жақты  мәдени және рухани  саладағы ынтымақтастықты дамытуға болашақта мүдделі екендерін білдірді.

 

 

 




Яндекс.Метрика