Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Атырау облысында техникалық колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыру туралы меморандумға қол қойылды – ҰКП

Атырау облысының білім басқармасы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша үшжақты меморандумға қол қойды.
Атырау27 Мамыр , 19:48

ҰКП-ның хабарлауынша, үш жақтың өкілдерінің пікірлерінше, меморандум жас кадрларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін қажетті шарттарды қарастырады. Мұндай пікірді олар бос жұмыс орындары жермеңкесін өткізу барысында білдірді.  

Меморандум талаптары бойынша, кәсіпкерлердің аймақтық палатасына білім беру басқармасына жұмыс берушілерден алынған бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді беріп тұру міндеті жүктелді. Ал жұмыс берушілер керісінше, колледждерді бітіріп жатқан жаңа түлектер туралы хабардар етіліп отырады. Палата мамандары сонымен қатар, кадрларды дайындау сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар беріп, дуальды білім беру ісін кеңейту мен түлектерді жұмыспен қамту ісіне қатысулары керек. Мұндай талаптар меморандумға қол қойған өзге де тараптарға қатысты.    

"Жас кадрларды, нақтырақ айтқанда кәсіби және техникалық білім беру орындарының түлектерін жұмыспен қамту біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі. Тәжірибе көрсеткеніндей, жұмыс берушілердің басым бөлігі жас кадрларды оларға тәжірибелерінің жетімсіздігіне, кәсіби біліктіліктерінің төмендігіне байланысты жұмысқа алудан бас тартады. Осы мәселені шешу үшін біз қазір білім беру басқармасымен, білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз",-деді директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Қуанғали Қожантаев.   

«Біз бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне бірінші жыл қатысып отырған жоқпыз. Алайда біз Атырау облысының білім басқармасымен, кәсіпкерлер палатасымен бірге түлектерді жұмысқа орналастыру туралы меморандумға қол қойдық. Біздіңше, бұл өте жақсы бастама. Құжатта барлық  тараптардың мүдделері ескерілген. Біз меморандумның арқасында штат бірліктерін кәсіби мамандармен толықтырып жастар арасындағы, жұмысссыздық  көрсеткіштерін төмендеуге ықпал етеміз деген ойдамын. Біздің кәсіпорында жас кадрларды жұмыспен қамтып, оларды тәжірибеден өткізуге барлық мүмкіндіктер бар, сол себепті біз бұл бағыттағы жұмыстарға белсене атсалысуға дайынбыз»,-деді  «Тойота Центр Атырау» компаниясының өкілі Александр Карапетян.   

Айта кететін мәселе, биылғы оқу жылында Атырау облысының 25 кәсіби және  техникалық оқу орындарын 4 мың 634 түлек тәмәмдайды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 20 өнеркәсіп және құрылыс компаниялары мен банк секторы сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қатысты. Жәрмеңкеде түрлі мамандықтар бойынша барлығы 500 жұмыс орны ұсынылды.

 

 




Яндекс.Метрика