Адами капитал

Әскери-көлік авиациясының ұшқыштары топырақты ұшу-қондыру жолағын меңгерді (Фото)

Осы аптада Ан-72 тікұшағы әскери-көлік авиациясының ұшқыш-инспекторы полковник Орынбасар Жүнісовтің басқаруымен 7,5 тонна жүкпен Балқаш әуеайлағының топырақты ұшу-қондыру жолағына отырғызуды жүргізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қарағанды 27 Мамыр, 20:43

Топыраққа қондырудың өзінің ерекшеліктері бар екенін атап өткен жөн. Жолақтың ұзындығын, топырақтың беріктігін, үстіңгі беттің кедір-бұдырларын, ауа райы жағдайын, әсіресе, жауын-шашынды, сондай-ақ заттаңбаның болмауы мен жүктің салмағын ескеру қажет.

Жоғары кәсібилік пен ұшу дағдыларын көрсете отырып, ұшқыштар қойылған міндетті орындады.  Аэродинамикалық ерекшеліктердің арқасында Ан-72 ұшағы қысқартылған ұшыру мен қондыруды орындауға мүмкіндік береді. Қанаттың үстіңгі бөлігінде қозғалтқыштарды орнату ұшыру және қондыру кезінде өзге заттардың тиюін болдырмайды.

Топырақты жолақтарға қондыруды пысықтау әскерлер мен жүктерді жеткізу бойынша ҚР ӘӘК әскери-көлік авиациясын қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Әскери-көлік авиациясының ұшқыштары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес топырақты ұшу-қондыру жолағына қондыру мен ұшыруды пысықтағанын атап өткен жөн. 

 





Яндекс.Метрика