Халықаралық интеграция

Миланович: Хорват кәсіпкерлері Қазақстанда бизнес дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр

Хорват кәсіпкерлері Қазақстанда бизнес дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр, деп мәлімдеді Хорватия Республикасының Премьер-Министрі Зоран Миланович Астанадағы Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:05

«Осыдан 20 жыл бұрын осы елдегі қиындықтарды көрдік, алайда бүгін біз табысты нәтижелер көріп отырмыз. Мен бүгін осында Хорватиялық делегацияны таныстырып отырмын, олар кәсіпкерлер және Қазақстан бизнесіне үлкен қызығушылық танытып отыр»,- деді  З.Миланович.

Хорватиялық Үкіметтің басшысы атап өткендей, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан ары дамуына үлес қосатын болады.

«Біз 2 жыл бойы Еуропалық Одақтың мүшесіміз және осы уақыт аймақтағы экономикалық дағдарыспен тұспа-тұс келді. Дегенмен, хорват тауарларының өзге нарықтарға эспорты артты және біз бүгінде өзге нарықтарға кіруге, серіктестік орнатуға дайынбыз. Мен үшін бүгін осында болу үлкен мәртебе және осы сапар  нәтижелі болады деген үміттемін»,- деп толықтырды З. Миланович.

Естеріңізге сала кетейік,  бүгін Астанада Қазақстан мен Хорватия Премьер-Министрлерінің екіжақты кездесулері өтіп, оның барысында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің арасында Ниеттестік туралы хаттамасына қол қойылды.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика