Халықаралық интеграция

К. Мәсімов: Хорватияның бизнес-құрылымдарымен ынтымақтастық Қазақстанға Балқан аймағы мен ЕО нарықтарына шығуға мүмкіндік береді

Хорватияның бизнес-құрылымдарымен ынтымақтастық Қазақстанға Балқан аймағы мен ЕО нарықтарына шығуға мүмкіндік береді,-деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Хорватия Премьер-Министрімен болған екіжақты кездесудің қорытындысына байланысты жасаған мәлімдемесінде.
Нұр-Сұлтан27 Мамыр , 11:49

«Біз біздің хорваттық компаниялармен ынтымақтастығымызды жетілдіруге бағытталған  мүмкіндіктерді сөз еттік. Біз сонымен қатар, Хорватияның бизнес-ортасымен одан әрі де бірлесе қызмет етіп, өз кезегінде олар бізге Балқан аймағы мен Еуропалық Одақ нарығына шығуға мүмкіндік жасайды деген үміттеміз»,-деді К.Мәсімов.

Үкімет басшысы Қазақстанның Еуразия өңірінің хабі болып табылатындықтан, ол  хорват компанияларын Қазақстандағы бизнеске араласуға шақырды.  

«Біз бір-бірімізді бүгінгіден де тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін бизнес-форум өткіземіз және онда одан әрі ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқыға саламыз»,-деді ол.

Бұған қоса, К.Мәсімовтың айтуынша, Хорватия Премьер-Министрі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспек, кездесу барысында Қазақстан мен Хорватия және Еуропалық Одақ арасындағы саяси мәселелер сөз болады.

Естеріңізге сала кетейік,  бүгін Астанада Қазақстан мен Хорватия Премьер-Министрлерінің екіжақты кездесулері өтіп, оның барысында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің арасында Ниеттестік туралы хаттамасына қол қойылды.   

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика