Өңірлер

Қазақстанда жекешелендіру аясында 172 нысан жария етілді

2015 жылдың 25 мамырдағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 291 нысан шығарылды, оның ішінде 172 нысан сатылды, республикалық меншік бойынша – 8, коммуналдық меншік бойынша – 74, ӘКК – 51, холдингтер бойынша – 39, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Казахстан28 Мамыр , 08:37

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 860 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 821 млн. теңгеден астам, Холдингтерге – 50 778 млн теңге, ӘКК - 2 917 млн. теңге.

Хабарланғандай, республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың мамырдағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 18 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 25 мамырдағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 18 объекті шығарылды, оның ішінде 8 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 244 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың мамырдағы кезеңінде 146 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 25 мамырдағы жағдайы бойынша 141 объекті шығарылды, соның ішінде 74 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың мамырдағы кезеңінде 79 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 66 объекті сатуға қойылды, 51 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 106 объекті жекешелендіруге жатады, 25 мамырдағы жағдайы бойынша жоспарланған 73 объектінің 66 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 39 объекті сатылды.




Яндекс.Метрика