ҚР ИИДМБ

А.Құлсейітов: Индустрияландыру картасы ҚР экономикасының құрылымына айтарлықтай әсер етуде

Индустрияландыру картасы ҚР экономикасының құрылымына айтарлықтай әсер етуде, деп мәлімдеді «Қазақстан Индустриялық даму институты» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов Қазақстанды индустрияландыру бойынша конференцияда.
Астана қаласы27 Мамыр , 12:39

«Бірінші бесжылдықта қайта өңдеу секторына Қазақстанның тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда үш есе көп тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Оның үстіне, Global 2000 (ТНК) тізіміндегі 29 шетелдік инвестор еліміздің қайта өңдеу секторында жұмыс істеуде. Тікелей шетелдік инвестициялардың үлесі 7%-дан 14%-ға дейін артты», - деді А.Құлсейітов.

Оның айтуынша, ИИДМБ жобалары бірінші бесжылдықтың негізгі бөлігі емес.

«Алайда осының өзі еліміздің 7 аймағындағы индустриаландырмау процесін тоқтатты»,- деді ол.

Сонымен, Индустрияландыру картасы асында  жалпы сомасы 4 трлн теңге өнім өндіретін 770 жоба іске қосылып, ел экономикасына айтарлықтай үлес қосты.

«Жалпы, 75 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, оның ішінде 25%-ы жастар, әйелдердің үлесі 24% құрады. Осылайша аймақаралық дамуда еңбек нарығындағы теңсіздікті шешудеміз. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. Индустрияландыру картасы ел экономикасының құрылымына айтарлықтай әсер ететін болады», -  деп атап өтті сарапшы

Сонымен қатар, айрнайы экономикалық аймақтарды дамыту арқылы индустриялық жобалармен толықтыру жұмыстарының белсенділігі арттырылды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика