Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан мен Хорватия Премьер-Министрлерінің екіжақты кездесуі өтуде

Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Хорватия Премьер-Министрі Зорана Милановичтің екіжақты кездесуі өтуде.
Нұр-Сұлтан27 Мамыр , 11:13

Екі елдің Үкімет басшылары экономиканың әр саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Құрметті Қазақстан Үкіметінің министрлері мен делегаттары мен үшін Қазақстанда болу үлкен мәртебе, тұңғыш рет осы жерде болғанда мен жақсы әсер алғанмы. Ол кезде Қазақстан жетістіктеріне тамсандым, осы аймаққа келгенде біз бизнес құрып, сауда жасауға экономикалық байланыс орнатамыз», - деді Зоран Миланович.

Хорватия Премьер-Министрінің айтуынша, Қазақстанмен сауда қатынасы әзірше төмен деңгейде, алайда Хорватия Республикасы  ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. «Экономикалы форум өтіп, Хорватия кәсіпкерлерімен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туады. Меніңше, бұл достастық қарым-қатынастың басы. Болашақта ол экономикалық жақсы дамуды қамтамасыз етпек», - деді З.Миланович.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика