Өңірлер

Маңғыстау облысының кәсіпкерлері үшін аптасына бір рет бірыңғай ақыл-кеңестер күні өткізіледі

Маңғыстау облысының ісін жаңа бастаған кәсіпкерлері үшін аптасына бір рет бірыңғай консультациялар күні өткізіледі.
Маңғыстау27 Мамыр , 16:41

Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің хабарлауынша, іс-шара биылғы жылдың 26-ақпанынан бастап, барлық аудандық департаменттердің басқармаларында «салық төлеу», тұрғындар арасында «салық сауаттылығын» арттыру сияқты өзінің міндеттеріне деген абыройлы көзқарасты қалыптастыру, салық төлеушілердің салық мәдениетін көтеру сияқты мәселелерді насихаттау мақсатында өткізілуде.    

Хабарламадан мәлім болғанындай, ақыл-кеңес алуға келген салық төлеушілер өздерін толғандырған сауалдарға барынша жан-жақыт жауаптар мен есте ұстауды қажет ететін ережелер жазылған парақшалар мен тиісті құжатттар мен бланкілерді алып қайтады.

«Акция басталғалы жүргізілген талдау жұмыстары кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды, жеке кәсіпкерлікті тіркеу, POS-терминалдарды пайдалану, арнайы салық режимдерін пайдаланудың ерешеліктері, заңдастыр, электронды есеп-фактура, салықтық тексерулермен байланысты жәйттер, әкімшілік жауапқа тарту, жемқорыққа қарсы тұру мен лауазым иелерінің іс-әрекеттеріне наразылық білдіру сияқты өзге де сауалдар қызықтыратындығы байқалды,-делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер басқармасы аудандар мен Жаңаөзен және Ақтау қалаларындағы 537 жеке тұлғаға ақыл-кеңестер берген. Олардың арасында жеке кәсіпкер ретінде 300 тұлға тіркелді.  

 

 

 




Яндекс.Метрика