ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Темір-бетон құрылымдарын өндіретін «АБК -МАҚСАТ» ЖШС 268 жұмыс орнын ашты

ҚР-ның Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2006-2010 жылдардағы «Астана Жаңа қала» АЭА индустриалды паркінің аумағында жалпы құны 2,936 млрд теңгеге темір-бетон құрылымдар мен өнімдерді өндіру бойынша жаңа жоба жүзеге асырылды.
Нұр-Сұлтан27 Мамыр , 11:31

«АБК -МАҚСАТ» ЖШС өз жұмысын 2010 жылы 3 қарашада бастады, содан бері кәсіпорын елордада  темірбетонды құрылымдар мен өнімдерді өндіру бойынша алдыңғы қатарда келеді. Өндірістік кешен комбинаты гермениялық және италиялық өндірушілердің заманауи технологиясымен жабдықталған», - деп хабарлады «Астана  Жаңа қала» АЭА баспасөз қызметі.

Өндіріс ошағының жылдық қуаттылығын 139 мың текше метр бетон.

Айта кетерлік жайт, «АБК  МАҚСАТ» ЖШС еңбек нарығында 268 жұмыс орнын ашты. Осы ретте 13,170 млрд теңгенің өнімінде өндіріп үлгерді.

Комбинатта өндіріліп жатқан барлық темірбетонды өнімдер МЕСТ пен ТШ талаптарына сай және сәйкесінше сертификаттары бар.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика