ҚР ИИДМБ

Ұлт жоспары: Павлодар облысында осы жылы ИИДМБ аясында 2200 жұмыс орны ашылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес реформасын іске асыру шеңберінде Павлодар облысында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының екінші бесжылдығын орындау ісі жалғасын табады, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрумен инвестиция көлемі 1,2 трлн. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар27 Мамыр , 10:56

2015 жылы құны 435 млрд. теңге болатын (2260 жаңа жұмыс орны) 7 жоба басталады, ішіндегі ең ірі жоба – Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының құрылысы.

Аймақ басшысы атап өткендей, жұмыс туристік кластерді құруға, жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға инвесторларды тартуға бағытталатын болады.

Биылғы жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасын іске асыруға  6,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғыртуға, сумен жабдықтау және су қашыртқы жүйелерін дамытуға, кредиттік тұрғын үй құрылысын аяқтауға, инженерлік коммуникацияларды тартуға, Ақсу қаласында 280 орындық балабақша салуға, сондай-ақ асыл тұқымды мал өсіру және ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау істерін дамытуға бағытталады.

Сондай-ақ облыс әкімі шағын және орта бизнесті және олардың іскерлік белсенділігін қолдау жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3,7 млрд. теңге бөлінді. 160 жобаны қаржыландыру жоспарда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының 157 қатысушысы жалпы сомасы 451 млн. теңге болатын шағын кредиттермен қамтылады.

Аймақ басшысы орынбасарларына облыс Стратегиясы шеңберінде жаңа құрылымдар құру жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Атап айтқанда, инвестицияларды тарту жөніндегі «агенттік», аймақтық технопарк, Start-up Академиясы, «бизнес-періштелер» аймақтық клубы.

Қазақстандық теңдікті нығайту реформасы шеңберінде бірқатар бағдарламалар әзірленетін болады, олар: «Мәңгілік Ел» патриоттық шарасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының  «Үлкен ел – үлкен отбасы» ауқымды жобасы.

«Мемлекеттік органның әр басшысы жыл сайын өз ведомствосының бесінші реформаны іске асыру бойынша қол жеткізген жетістіктері жөнінде есеп беретін болады. Әр әкім үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленеді, ал ол көрсеткіштер бойынша еңбектері бағаланатын болады»,-деді әкім.

Жиын соңында облыс әкімі бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде – Елбасының «100 нақты қадамын» іске асыру бойынша облыстық іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

 




Яндекс.Метрика