Білім беру

Қазақстанда ҰБТ тапсыруға 87 782 оқушы өтініш берді - ҚР БҒМ

ҰБТ-ға 87 782 оқушылар өтініш берген, яғни жалпы түлектер санының 71 %-ын құрайды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
Нұр-Сұлтан27 Мамыр , 10:03

«ҰБТ-ға 87 782 оқушылар өтініш берген, яғни жалпы түлектер санының  71 %-ын құрайды. Олардың ішінде қазақ тілді оқитындар-62 384, орыс тілінде-25 398. Келген өтініштер негізін ала отырып, ҰБТ 165 өткізу орнында 4 ағында жүргізілетін болады. Олардың ішінде 116-сы аудан орталықтарында, 49-ы Астана және Алматы қаладарының жоғары оқу орындарының орталықтарында орналасқан. Емтихан тапсыратын дәрісханалар саны -1 079. ҰБТ өтетін орындарда тестілеуді тапсырудың ереже тәртібі барлық түлектер үшін орналастырылған: 1-ші кун-тестілеу, 2-ші күн-аппеляция. Тестілеу санының ең көп ағымдары Оңтүстік Қазақстан облысында жоспарланған», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және мемлекеттік комиссиямен ҰБТ болатын жерлерді саралап ( ҰБТ ӨБ) емтиханды тапсыру үшін барлық оңтайлы жағдайды жасау үстінде. ҰБТ-ны ұйымдастыру Министрліктің апталық апараттық жиналысында қарастырылады.

Орталық талаптарға сәйкес қамтамасыз ету мен тестілеу кезінде болатын даулы мәселелерге рұқсат беру, сондай-ақ ҰБТ өтетін уақыт аралығында қатысушылардың құқықтарын қорғау бойынша, барлық ҰБТ өтетін бекеттерде аппеляциялық сұрақтарды қарастыратын республикалық комиссия мен аппеляциялық комиссия жасақталады.

Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында   ҰБТ барысында келіп түскен түлектер мен ата-аналардың шағымдарына жедел түрде жауап беру мақсатында ҰБТ өткізу бойынша үйлестіру штабын орнатады. ҚР БҒМ жанында Республикалық штаб өз жұмысын атқаратын болады.

Айта кетейік, 2015 жылдың 2-ші мен 8-ші маусым аралығында  Қазақстан Республикасында Ұлттық Бірыңғай Тестілеу өткізіледі.               




Яндекс.Метрика