ҚР ИИДМБ

ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігі энерготиімділікке байланысты – ҚИДИ

Энерготиімділігінің есебінен ел экономикасы өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі, деді «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов Қазақстанды индустрияландыру конференциясында.
Нұр-Сұлтан27 Мамыр , 10:21

Экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін сөзбен бағалау өте қиын, көптеген индекстер мен қосарламалар бар. Егер тек қайта өңдеу өнеркәсібі туралы айтатын болсақ, негізгі фактор еңбек өнімділігінің деңгейіне байланысты. Егер халықаралық көздермен салыстыратын болсақ, 5 жыл ішінде Қазақстан еңбек өнімділігі жағынан 54-ші орыннан 49-шы орынға көтеріліп, әлемдегі еңбек өнімділігі ағынан үздік елу елдің қатарынан орын алды. Абсолютті өсімнің нәтижесінде біз 5 жыл ішінде 16-шы болдық. Ал қайта өңдеу өнеркәсібі туралы сөз қоғайтын болсақ, соңғы бес жылда біз арта қалу көрсеткіштерін қысқартып еңбек өнімділігін  жағынан 71 пайыздан 57 пайызға дейінгі жетістікке қол жеткіздік. Бұл әлі жеткіліксіз, бұл біздің болашақта басты бағдар етіп ұстауымыз қажет бағыт»,-деді А.Құлсейітов.      

Оның статистика комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып айтқан сөзінше, еңбек өнімділігі шешуші салаларда екі есеге артты, жалпы алғанда ебек өнімділігінің деңгейі 5 жылда 61 пайызды құрады, бұл жоғары көрсеткіш.   

«Егер жетістіктер туралы нақты айтатын болсақ, экономиканың энерготиімділігін 19 пайызға төмендеттік. Ал энерготиімділіктің 18,6 пайызға қысқаруы деген не? Бұл дегеніңіз жылына 37 миллион тас көмірді, 16 миллион тоннна мұнайды, 20 текше метр табиғи газ үнемделді деген сөз. Бұл Қазақстан аясында энерготиімдлілікті 18-19 пайызға жеткізді деген сөз. Екіншібесжылдықтың аясында да энерготиімділігін қысқарту көзделіп отыр, осы жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанда бүгінгіге қарағанда, бәсекеге қабілетті бола түседі»,-деді Басқарма төрағасы.       

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика