Халықаралық интеграция

Қазақстан Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісінің жиналысына қатысты

Исламабад қаласында Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісіне қатысушы-мемлекеттердің Жоғары лауазымды тұлғаларының жиналысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде27 Мамыр , 09:46

Бұл іс-шарада Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалары жөніндегі Елшісі Тимур Оразаев өкілдік етті.

Іс-шараға қатысушылар Ыстамбұл үдерісінің одан әрі дамуының, Ауғанстандағы және аймақтағы қауіпсіздік саласындағы жағдайдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ аймақтың басымдықтары мен экономикалық сабақтастықтарын қарастырды.

Атап айтқанда аймақтағы қауіпсіздіктің ықпалы болып табылатын Ауғанстан аумағындағы экстремизм мен лаңкестіктің ұлғаюына орай ү.ж. күз айында өтетін Министрлік конференцияның күн тәртібінің мәселелерін анықтау ерекше назарға ие болды. Қазақстандық дипломат жиналысқа қатысушылардың назарларын ИГИЛ қатарына әскерлерді жасақтауға жұмсалып жатқан қаржы көзі мен оның қозғалу бағдарларын анықтаудың маңыздылығына аударды.

Қазақстандық делегация Пәкістанның Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық басқармасының төрағасы Ашгар Наваз және Пәкістанның Сыртқы істер министрінің орынбасары (Special Secretary) Амжад Хуссайн Биалмен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында табиғи апаттардың салдарларын жою саласындағы өзара іс-қимылдар, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды.

 




Яндекс.Метрика