Халықаралық интеграция

ҚР ҚК офицерлері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшыларымен бірге дәріс өткізуде (Фото)

Астанада өзара сенім және қауіпсіздікті нығайту шаралары жөніндегі семинар басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Нұр-Сұлтан 27 Мамыр, 09:28

Оның барысында ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету бойынша орталықтың офицерлері Беларус, Венгрия, Германия және Франциядағы әріптестерімен берге инспекциялау және ақпараттандыру іс-қимылын, сондай-ақ әскерлерде оны іс жүзінде қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді (2011 жылғы Вена құжатының аясында).

Апталық семинарға тыңдаушы ретінде Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның, Өзбекстанның, Армения мен Моңғолияның әскери атташелері шақырылды. Аталған семинардың ықпалымен ерекше сұқбат алаң құрылды.

 Шара аясында он бір елдің әскери қызметшілері мен жетекші сарапшылары тәжірибе алмасу, жаңа байланыс орнату, сенім мен қауіпсіздікті нығайтуда әрі қарай сапалы ынтымақтастық жасау үшін нақты жоспарларды, сондай-ақ инспекциялық іс-қимылды жолға қою мүмкіндігіне ие болады.

 Бүгінгі күні Қазақстанның аумағында 100-ден аса шетелдік инспекция өтті. Айт кетейік, ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекциямен қамтамасыз ету бойынша орталықтың сарапшы әскери қызметшілері де ТМД мен Еуропа елдерінде дәл осындай инспекцияда болды. 

 





Яндекс.Метрика