Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Моңғолия экономиканың басым салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды талқылады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Моңғолияда келіссөздер жүргізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Әлемде27 Мамыр , 09:11

Улан-Баторға жұмыс сапары барысында Бақытжан Сағынтаев Моңғолия Президенті Ц.Элбэгдоржпен кездесіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізге жұмыс сапармен келуге шақыруын табыстады.

Келіссөздер барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жағдайын, экономиканың басымдықты салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. 

Жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ Моңғолия Премьер-министрі Ч.Сайханбилэгпен келіссөздер жүргізді.




Яндекс.Метрика