Өңірлер

Ұлыбритания елшілігінің делегациясы «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА-ны аралады

Қазақстандағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті елшісі Кэролин Браун бастаған делегация «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА –ны аралады, деп хабарлады ҚТЖ-ның ресми порталы.
Алматы26 Мамыр , 18:54

Кездесу барысында «Құрғақ порт нысандарының, Алтынкөл теміржол станциясының  қызметінің» таныстырылымы өтті.

 «KTZE  Khorgos Gateway»ЖШС бас директоры  К.Гейсен дипломаттарды «Қорғас - Шығыс қақпасы»АЭА құрылысының барысы жайлы хабардар етті. Атап айтар болсақ, Алтынкөл станциясының «Құрғақ порт» жобасымен байланысы жайлы кеңірек мағлұмат берілді.

«Құрғақ порттың» жалпы алаңы материалдық техникалық және өндірістік аймақты есепке алғанда 568 гектар жерді алып жатыр, жоспарларды одан ары жүзеге асыруда аумақтың көлемін арттыру көзделген.

Кездесу соңында  К.Браун құрылысы жүріп жатқан нысанның әлеуеті мен мүмкіндіктерін атап өтті. Оның пайымынша бұл нысанның экономикалық тұрғыда Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Орталық-Азиялық аймақта әлеуеті зор.  




Яндекс.Метрика