Экология

Алматы облысында 2050 жылы бүкіләлемдік жылыну үдерісінің салдарынан барлық мұздықтар ериді – В.Божко

2050 жылы бүкіләлемдік жылыну үдерісінің салдарынан Алматы облысындағы барлық мұздықтар ериді. «McKenzie» ірі консультациялық компаниясының болжамдары осындай, -деп хабарлады Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ОКҚ-де.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 17:09

«Мен сіздерге аса қуанта қоймайтын тағы бір жаңалық туралы айтқым келіп тұр, «McKenzie» консультациялық компаниясы  2050 жылға дейін Алматы облысындағы барлық мұздықтардың еритіндігі туралы айтып отыр. Бұл тағы да сол жылыну үдерісімен байланысты»,-деді В.Божко.

Оның сөзінше, Алматы облысындағы мұздықтарда қазірдің өзінде жойылу үдерісі жүріп жатыр. «Бұл үдеріс 0,5 пайыз аймақтың 1 пайызына келетін жылдамдықпен жүріп жатыр. Енді қанша уақыттан кейін мұздықтардың барлығының еріп бітетіндігін болжамдай беріңіздер»,-деді министрдің орынбасары.

Ол сөзінде бұл мәселемен бүкіл әлем болып, бірлесе отырып күресу қажеттігін айтты. «Жылыну дегеніңіз үлкен проблема. Мен БҰҰ-ның қолдауымен Жапонияда өткен климаттың өзгеруіне арналған Бүкіләлемдік конгреске бардым. Мұхит жағалауы елдерінің көпшілігі, егер Антарктида мен Солтүстік мұзды мұхиттағы қар еріген жағдайда, жағалаудағы елдер өздерінің мемлекет ретінде жер бетінен жойылып кету мүмкіндігін айтуда.  Олар суға батып кетеді. Өйткені олар теңіз деңгейінен ең көп дегенде бір метр биіктікте тұр. Сондықтан, біз бүкіл әлем болып тиісті шаралар қолданбайтын болсақ, жылыну бізде де болуы мүмкін»,-деп қорытты В.Божко.   

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика