Адами капитал

Әскерилер аттарымен бірге 60 километрлік жаяу, әскери іс-қимыл сапарында болып қайтты (ФОТО)

«Айша бибі» полигонында 91678 әскери бөлімі жауынгерлерінің полктік, тактикалық арнайы оқу-жатығу шаралары қызған шағында. Оқу-жаттығу шаралары әскери дабылдан басталып, 220 жауынгер таң ата табандарынан тік тұрғызылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 26 Мамыр, 17:26

«Жауынгерлер өздеріне тиесілі толық жабдықтарымен жолға шықты. Нағыз әсекерге тән қимылмен жедел қозғалып отырған олар жауынгерлік іс-қимыл сапарын тәулікке жетер-жетпес уақытта аяқтады. Жеке құрам командирлерімен бірге полигонға дін аман жетті»,-делінген хабарламада.    

Бұл жаттығудың тек бастамасы ғана болатын. Енді әскерилер шартты түрде алынған, яғни заңсыз түрде елімізді басып алмақ ниетте келген әскери құрамды ұстап, олардың көздерін жойып, қылмыстық топ тарапынан басып алынған жерлерді жау қолынан азат етулері керек. Бұл оқу-жаттығудың ерекшелігі оған ҚР Қарулы Күштеріндегі жалғыз ғана құрам таулы-орманшылар құрамы мен көлік ротасы жұмылдырылды. Салт атты әскерилер жеке құрамның жүктерді тасымалдау жұмыстарына көмектесті.      

 





Яндекс.Метрика