ҚР ИИДМБ

А. Құлсейітов: ИИДМБ жобаларын жүзеге асыруға 600 млрд теңге бөлу жоспарлануда

Индустриаландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджетте 600 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған, деп мәлімдеді бүгін «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов Индустриаландыру бойынша конференция барысында.
Нұр-Сұлтан26 Мамыр , 16:53

«Мемлекеттік бюджет қаражатынан екінші бесжылдық аясында 600 млрд астам теңге бөлу қарастырылған. Бағдарлама аясында 6 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарланған. Оған қоса, төраға жеке бизнес мүмкіндіктері азайды. Осыған байланысты қаржыландыру бойынша тәсілдер қайта қаралып, жеке инвестицияларды көбірек тарту үшін мемлекеттік қаржыландыруды арттыру, немесе жеке бизнес өзінің бірқатар бастамаларын жүзеге асыра алмағандықтан қандай да бір жоспарларды төмендету, не болмаса үшінші әдіс - экономика трансформациясы, онда инвестиция салу және тарту тиімді болмақ», - деп атап өтті ол. 

Оның айтуынша, Президент жариялаған «трансформация бойынша 100 қадам» Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. 

«Яғни, біз бизнес жүргізуге, шетелдік инвестицияларға, трансұлттық компанияларды тартуға, екінші бесжылдық аясында жарияланған міндеттерді көрсетікштерді төмендетпей-ақ қаржыландыруға болар еді», - деп нақтылады ол. 

Сондай-ақ, ол индустриаландырудың екінші бесжылдығында негізінен 14 басымдықты секторды дамытуға баса көңіл бөлінетінін айтты.  

«Экспорттың көп болуы осы салаларда көп мөлшерде болуға мүмкіндік болды. Егер оған ден қойсақ, алға қойылған мақсаттарға жете аламыз. ҚР Президенті жүктеген тапсырмалар өте қарапайым, орташа тап құру, әрбір қазақстандықтың табысын арттыру, бұл бойынша ел экономикасын трансформациялау жұмысы жүзеге асырылуда», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика